2026 жылғы 25 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастамасымен барлық еншілес компаниялардың бас директорларының қатысуымен ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара аясында "Маңғыстауэнергомұнай" серіктестігінің Жетібай, Қаламқас және Ақтау қалаларында орналасқан өндірістік базаларында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жерсінбеген ағаштардың орнына жаңа көшеттер отырғызылып, аумақтарды көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінді. Сенбілікке 150-ден астам қызметкер қатысып, қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосты.
t.me/memkmgkz
