«Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС Бас директоры

Ұжым қызметін атқарудағы терең білімділікті, заманауи озық инновациялық тәсілдерді ұштастыра білген энергетик басшы – Нұрдаулет Рахымұлы Қосбаевтың әріптестер арасындағы алар орны ерекше. Мұнайлы өлкеде дүниеге келген зеректі жас Алматы энергетикалық институтын ойдағыдай бітіріп, еңбек өтілін 1987 жылы «Мангышлакнефть» Өндірістік бірлестігінің климаты қатал «Қаламқас» кен орнында электромонтер мамандығынан бастады. Өзінің іздемпаздығының, қызметке деген жауапкершілігінің арқасында жас маман желілік аудан бастығы, жөндеу – прокаттау цехының бастығы лауазымына дейін көтеріліп,1996 жылдан бастап «Маңғыстауэнергомұнай» Серіктестігінің құрылуымен қатар кәсіби маман Нұрдаулет Рахымұлы осы ұжымның бас инженері қызметін атқарды. Жаңадан құрылған ұжымның құрылымдық бөлімшелерін құруда, кенорындардың техникалық базаларын жасақтауда, ұжымның кәсіби мамандарын іріктеуде және т.б. ұжымның ірге тасын нықты қалауда Н.Р.Қосбаевтың ерен еңбегі зор, әсіресе  апатты жағдайларда дер кезінде нақтылы шешім қабылдай отырып, Серіктестікті қиыншылық кезеңдерден қиналмай өткізе білді және де қызметкелерден талап ете біледі.

Интернет желісін жүйелі пайдалана отырып, қолданыстағы  ескі электр желілері мен электрқондырғыларын, заманауи жаңа, соңғы техника жетістіктеріне сай қондырғылармен алмастыруда да көп еңбектенді. Оның табанды еңбегі нәтижесінде, «Қаламқас», «Жетыбай» кенорындарындағы 6 кВ тарату пункттеріндегі майлы айырғыштарды, вакуумдық айырғыштарға толықтай ауыстырылып, релелік қорғаныс кұрылғылары, микропроцессорлық қорғаныс құралдырымен, Қаламқас кенорнындағы 35 кВ қосалқы станциялардағы 35 және 6 кВ тарату қондырғылары да соңғы техникалық жетістіктеріне сай  электржабдықтармен жабдықталған КРУМ-35кВ, КРУН-6кВ тарату қондырғыларына алмастырылды. «Қаламқас», «Жетыбай» кен орындарындағы 6 кВ тарату  пункттеріне, 35 кв қосалқы станцияларға және де жедел- реттеу қызметтеріне СДТУ және АСТУЭ желілерімен жабдықтата білді.

«Қаламқас», «Жетыбай» кен орындарындағы электрэнергиясын ұтымды да, үнемді пайдалану үшін, «Солтүстік Қарағия» кенорнында 110 кв, «Жетыбай» кенорнында 35 кв «УСГ» қосалқы станцияларының салынуына қосқан үлесі де  зор.

Серіктестік директорының әлеуметтік және даму жөніндегі орынбасары қызметін атқара жүріп «Жетібай» кенорнында жұмыс істейтін қызметкерлерге 54 орындық жатақхана, «Жетібай» және «Қаламқас»  кенорнында электржабдықтарына және арнайы техника жабдықтарына жөндеу жұмыстарын  жасайтын ангарлар салуға ат салысып, оларды уақытында пайдалануға берді.

Серіктестіктің жылдық қазыналық бюджетін жасақтауда, оны тиімді пайдалануда озық экономистік шеберлігін де көрсете біліп, экономистер мен есепшілерге басшылық жасап отырды. Ағымдық күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлап, оны тиімді қаржыландыруда да басшылықты өз қолына алып, оны үнемі қадағалап, орындалуын қатерінде ұстайды.

Бірнеше жылдардан бері іске қосылмай тұрған Қаламкас кенорнындағы газ-трубиналық электрстанциясын (ГТЭС) пайдалануға бергенде де оның терең білімі мен біліктілігінің арқасында үлкен нәтижеге қол жетті.  

Жылдам байланыс

Байланыс


© 2024 Mangistau Energo Munay. Все права защищены. | Разработано Mediana.kz