«Маңғыстауэнергомұнай» Серіктестігінің корпоративтік рухын көтеруге және ұжым қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған 39 компания командаларынан 900-ға жуық қызметкерлер қатысқан 2026 жылғы «КазМунайГаз» ҰК АҚ спартакиадасы өз мәресіне жетті. Өңірдің еншілес компаниялары арасындағы іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен 14 «МЭМ» ЖШС жұмыскерлері Елордаға жолдама алды. Спартакиада барысында қатысушылар спорттық ойын түрлерімен қатар, дәстүрлі ұлттық сайыстарда да өз шеберліктерін көрсетті.
«Асық ату», «Бес асық», «Садақ ату» сайыстарында әріптестеріміз Басбаков Ж.Т., Иманбаева Г.Ж., Бертлеуова М.С. ептілік пен шапшаңдық танытса, «Арқан тарту» жарысында өндіріс жұмысшыларынан құралған команда бірлік пен төзімділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Аталған сайыста Жакупов Арман Нұрболатұлы, Дюсембаев Нұрлыбек Нұрмұханбетұлы, Жұмабек Дәулет Болатұлы, Айдынғалиев Кенжегали Омыраланұлы, Сартемір Айбек Шафиғұлы, Шыршығұл Заңғар, Романов Еркебулан Бердибекович, Нурбергенов Мирас Бақытжанович, Шыршығұл Заңғар Қуатұлы командалық рух пен жоғары дайындықтарын көрсетіп, «Арқан тарту» сайысында шеберлік танытты.
Жазғы Спартакиаданың екінші кезеңіндегі жүзу бойынша 25-29 жастар арасындағы сайыста әріптесіміз Базарбай Дидар Жүзбайұлы жүлделі үшінші орынға ие болып, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Спартакиадасында компаниямыздың абыройын асқақтатты.
Сонымен қатар, спартакиада аясындағы жекелей спорт түрлерінде де әріптестеріміз жоғары нәтиже көрсетті. Үстел теннисі бойынша көп мықтылардың арасынан шеберлігімен ерекшеленген Ускумбаев Болат Есенұлы, шахмат сайысында МЕРЕКЕЕВ Жанибек Көнебаевич, жеңіл атлетикадан Әбілхасова Альбина, армрестлинг жарысында Қойшыбаев Әділет Ғазизұлы және ДЕМЕСИНОВ Асылбек Шамұлы өздерінің спорттық дайындығы, ептілігі мен табандылығын көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
20-ға жуық ұлттық және спорттық ойын түрлерін қамтыған ауқымды додада қатысушылар өздерінің шымырлығы мен ұйымшылдығын, жеңіске деген жігерін көрсете білді. Компаниямыздың туын биік көтеріп, белсенділік танытқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.
Осындай спорттық шаралар қызметкерлердің дене шынықтыру белсенділігін арттырып қана қоймай, ұжым арасындағы өзара байланысты нығайтып, корпоративтік мәдениетті дамытуға үлкен ықпал етеді. «Маңғыстауэнергомұнай» Серіктестігінің қызметкерлері кезекті рет ұйымшылдық, табандылық және жоғары командалық рух көрсете отырып, компания мәртебесін биіктете түсті.
