Күн энергиясы – қазіргі таңда әлемнің әр түкпір- түкпірінде қолданылып жатқан маңызды және шексіз энергия көздерінің бірі. Бұл энергия түрі экологиялық тұрғыдан таза, экономикалық жағынан тиімді және тұрақты даму үшін өте маңызды.
«Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС - де жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытында маңызды жобаны 2025 жылдың аяғында жүзеге асырды. 2026 жылдың қаңтар айынан бастап мекеме аумағында қуаттылығы 50 кВт болатын күн панельдері ресми түрде іске қосылды. Бұл жоба электр энергиясын үнемдеуге, өндірістік тиімділікті арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған болатын. Орнатылған күн панельдері күн сәулесін электр энергиясына айналдырып, мекемеміздің күнделікті энергия қажеттілігінің бір бөлігін толықтай қамтамасыз етіп отыр.
Экологиялық таза, басымдылығы көп тиімді жүйе қоршаған ауаға зиянды қалдықтарды шығармайды және энергия шығындарын азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, іске асқан жоба мекеменің заманауи технологияларды енгізуге және «жасыл энергияны» дамытуға қосқан компаниямыздың үлесінің айқын көрінісі болып табылды.
Күн энергиясын пайдалану – болашаққа жасалған маңызды қадам екендігін түсінген «МЭМ» ЖШС басшылығы алдағы уақытта да энергияны үнемдеу және экологиялық қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды жоспарлауда.
