«МЭМ» ЖШС «API Spec Q2» стандарты бойынша сертификаттық аудиттің бірінші кезеңінен өтті

28-07-2023

«Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС кемелдік және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ стратегиялық бастамасын орындау жолында, 28.07.2023 ж. Америкалық мұнай институтының (American Petroleum Institute, API) «Мұнай және газ өнеркәсібіндегі қызмет жеткізуші ұйымдарға арналған сапа менеджменті жүйесінің талаптары» «API Spec Q2» халықаралық стандарты бойынша сертификаттық аудиттің бірінші кезеңінен сәтті өткендігі туралы мақтанышпен хабарлайды.

Айта кету керек, «API Spec Q2» стандартының ерекшелігі, осы стандарт бойынша сертификаттау аудиті тікелей API тарапынан жүргізіледі және орган бұл жауапкершілікті басқа сертификаттау органдарына бермейді. API сонымен қатар аудит нәтижелерін дербес қарастырады және сертификат беру туралы шешімді тек өзі қабылдайды. Бұл тәсіл шешім қабылдау процесінде максималды тәуелсіздік пен объективтілікті қамтамасыз етеді және API сәйкестік сертификаттарына ерекше мән береді.

«API Spec Q2» бойынша аудитті API тарапынан тағайындалған, халықаралық деңгейде аудит жүргізуде тәжірибесі бар жетекші аудитор, Ayaz Ghani мырза жүргізді.

Бұл сәт біздің компаниямыздың қызметінде сапа мен қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге ұмтылудағы маңызды жетістігі болып табылады.

«API Spec Q2» стандарты бойынша сертификатталу компанияға бірқатар маңызды артықшылықтар мен мүмкіндіктер береді, мысалы:

1) Компанияның ұлттық және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жұмыстар мен қызметтердің сапасын және компанияның кәсібилігін растау, компанияның имиджін арттыру.

2) Тапсырыс берушілердің сенімін арттыру. Стандарт бойынша сертификатталу, компанияның жоғарғы сапа, қауіпсіздік және тапсырыс берушілердің қанағаттану стандарттарына ұмтылатындығын растайды, бұл тапсырыс берушінің компанияның жұмыстары мен қызметтеріне деген сенімін нығайтады. Тапсырыс берушілер тарапынан жоғары сенім деңгейінің арқасында жаңа тапсырыстар алу және жұмыстар мен қызметтер көлемін кеңейту мүмкін болады.

3) Талаптарды қатаң сақтау. Стандарт заңнама талаптарын, тапсырыс берушілердің талаптарын, ішкі процедураларды және басқа да қолданыстағы талаптарды анықтауға және орындауға қатаң талаптарды белгілейді, бұл бұзушылықтарды азайтуға мүмкіндік береді және компаниядағы тәртіпті қамтамасыз етеді.

4) Сапаны тиімді басқару. Стандарт жұмыс пен қызмет сапасын қамтамасыз етудің барлық аспектілерін реттейтін сапаны басқарудың тиімді құралдарын ұсынады, мысалы, пайдаланылатын материалдарды сәйкестендіру және қадағалау, құралдар мен аспаптардың күйін бақылау, процестерді бақылау, қабылдау критерийлерін анықтау, тапсырыс берушілердің қанағаттанушылығын бағалау және т.б.

5) Тәуекелдерді тиімді басқару. Стандарт компанияның қызметімен байланысты тәуекелдерді анықтауға және басқаруға көмектеседі, күтпеген жағдайларға дайындықты қамтамасыз ету және өнімсіз жұмыс уақытын азайту үшін тиімді құралдарды ұсынады, мысалы, стандарт маңызды тәуекелдерге жауап ретінде міндетті түрде «Күтпеген жағдайларға арналған жоспарлардың» болуын талап етеді.

6) Персоналдың кәсібилігін арттыру. Стандарт жұмыс пен қызмет сапасын қамтамасыз етудегі маңызды аспект ретінде персоналдың құзыреттілігіне ерекше талаптарды белгілейді. Персонал белгіленген мерзімде тиісті бағаланып отырады, бұл қызметкерлердің кәсіби деңгейінің өсуіне ықпал етеді.

7) Сатып алуды және жеткізу тізбегін тиімді басқару. Стандарт маңызды жеткізушілерді анықтауды, жеткізілімдердің сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жеткізілімдегі кемшіліктерді азайтуға және тапсырыс берушілеріміз үшін жұмыстардың немесе қызметтердің уақтылы және жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған оларды бағалауды талап етеді.

8) Өзгерістерді басқару. Стандарт сонымен қатар басқарылатын жағдайларда өзгерістер енгізуді талап етеді, бұл ілеспе тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.

9) Шығындарды азайту. Сапа мен қауіпсіздікті басқару жүйесін жақсарту жоспарланбаған жөндеу және ақаулықтарды жоюға арналған шығындардың төмендеуіне ықпал етеді.

10) Деректерді талдау және жақсарту. Стандарт менеджмент жүйесінің тиімділігін бағалауға және анықтауға бағытталған, міндетті түрде деректерді талдауды және қай жерде жақсартуға болатынына анықтауды талап етеді.

«API Spec Q2» стандарты бойынша сертификатталу, жоғары кәсіби деңгейді және компанияның сапа мен қауіпсіздікті жақсарту жөніндегі міндеттемесін көрсетеді. Бұл бәсекеге қабілеттілікті арттырудың жолы ғана емес, сонымен қатар компанияның мұнай-газ және онымен байланысты салалардағы ұзақ мерзімді табысы мен тұрақтылығына кепілдік береді.

Сертификаттық аудиттің бірінші кезеңі біздің компанияның «API Spec Q2» негізгі талаптарына сәйкестігін бағалауға арналған. Аудит барысында біздің мықты жақтарымыз бен қосымша жетілдіруді талап ететін салаларымыз анықталды. Бірінші кезеңнің нәтижелері мұнай-газ индустриясындағы жоғары сапа стандарттарына, тапсырыс берушілердің қанағаттанушылығына және қауіпсіздікке деген ұмтылысымызды растады.

Сертификаттық аудиттің екінші кезеңі «API Spec Q2» стандарты бойынша сертификаттану жолымыздағы келесі маңызды қадам болмақ. Осы кезде біз стандарттар мен талаптардың тиімдірек орындалуын қамтамасыз ету үшін, басқару жүйелерімізді тереңірек бағалаймыз және жетілдіреміз.

«Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС өз қызметкерлері мен серіктестеріне осы маңызды сәтке қол жеткізуге қосқан үлесі мен қолдауы үшін алғыс білдіреді.

Біз мұнай-газ индустриясында сапаны қамтамасыз ету, тапсырыс берушілердің қанағаттанушылығын арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету миссиямызға адал болып қаламыз.

Үздіксіз жетілдіру жолында біз сертификаттау аудитінің екінші кезеңін асыға күтеміз.  


Галерея


Жылдам байланыс

Байланыс


© 2024 Mangistau Energo Munay. Все права защищены. | Разработано Mediana.kz