2026 жылғы 16 сәуірде «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС бас директоры Қуанбек Шәкірұлы Биғалиев пен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің президент-ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов өзара әріптестік қатынастар орнату, ұзақ мерзімді және тиімді ынтымақтастықты дамытуды көздейтін меморандумға қол қойды.
«Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС бас директоры Қуанбек Шәкірұлы Биғалиев энергетика саласы үшін білікті мамандар даярлаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Есенов университетінің Президент-ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов өз тарапынан университеттің өндірістік серіктестермен тығыз байланыс орнатуға және түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға дайын екендігін білдірді.