2022 жылғы 8 қыркүйекте «Өндірістік қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық. Жаңа сын-тегеуріндер мен тәсілдер» тақырыбына VII жыл сайынғы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Бас Директорларының Форумы өтті. Форумға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасының мүшелері, ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылары, сондай-ақ шетелдік компаниялардың өкілдері мен спикерлері қатысты.
Форум өнеркәсіптік қауіпсіздіктің, еңбекті қорғаудың және қоршаған ортаны қорғаудың, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтаудың, ҚМГ компаниялар тобы жұмыс істейтін аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды мәселелеріне арналды.
Біздің Серіктестігіміз өндірісте 100% қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын тиімді енгізгені үшін марапатталды. Бұл Серіктестігіміз үшін үлкен марапат, біздер үшін - Адам өмірі ең қымбат қазына болып табылады.
Жоспарымызда, осы жылы API Spec. Q2 талаптарын енгізу тұр, бұл - мұнай сервистік компаниялар үшін өзекті міндет, оны іске асырмай, біздер шетелде де, біздің елде де қызметті жүзеге асыруда қиындықтарға тап болуымыз мүмкін. API Spec. Q2 талаптары ИСО 9001 талаптарынан айтарлықтай ерекшеленеді (2008 және 2015 нұсқалары да) және қатаң.
Сонымен қатар, стандарт мұнай сервисі қызметтерінің сапасын қамтамасыз етудің үздік тәжірибелеріне негізделген. Стандарттардың жалпы философиясы - ұйымның сапаны қамтамасыз етуге бағытталуы тұтынушылардың қанағаттануы - олардың талаптарын жақындастырады және тиісті күш-жігермен Сапа менеджментінің бірыңғай жүйесіне барабар біріктіруге мүмкіндік береді.
Әріптестер! Болашақта да жаңа жетістіктер мен алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізіп, биік шыңдардан көрінетінімізге сенімдімін!
«Маңғыстауэнергомұнай»
ЖШС бас директоры Н.Р. Косбаев