Галым Бердіханұлының мұнай - газ саладағы еңбек жолы 1989 жылдан бастау алады. Еңбекке кіріскен күннен бастап-ақ өз жұмысына асқан жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік талаптарын сақтауды басты қағидаға айналдырды. Өндірістік қиындықтарға қарамастан, өз ісіне адалдық пен кәсіби шеберліктің арқасында ол көптеген еңбек жолдарын бағындырып келеді.
Электр қауіпсіздігі — ток саласының басты талаптарының бірі. Осы қағиданы берік ұстанған Ғалым Бердіханұлы жұмысқа кіріспес бұрын қорғаныс құралдары мен арнайы киімдердің жарамдылығын тексеруді әдетке айналдырған, барлық тиісті ережелер мен заманауи өндірістік стандарттарды бұлжытпай орындайды. Ықтимал қауіптердің алдын алып, апаттардың болмауына барынша күш салатын Ғалекең әріптестерімен қауіпсіздік нұсқаулықтарын өткізу, жұмыс орнындағы тәртіп сақтау шараларында елеулі үлес қосып келе жатқан ардагер электромонтерлердің бірі.
Сонымен қатар, Ғалым Бердіханұлы еңбек үдерісін жетілдіру, қауіпсіздікті арттыру бағытында үнемі тың бастамалардың орындалуына себепкер болып, ұжым арасында тәжірибе бөлісіп отырады. Бұл оның тек кәсіби маман ғана емес, білікті тәлімгер екендігін де көрсетеді. Серіктестіктегі 1995 жылдан бергі ұзақ еңбек жолында Г.Бердіханұлы ұжымның жас мамандарына үлгі болып, Серіктестіктің экономикалық дамуына адал еңбек еткен, ерен еңбек майталмандарының бірі. Отбасында ол үлгілі әке, немерелеріне мейірімді ата. Бойындағы адамгершілік пен қарапайымдылық қасиеттер Бердіханұлының ұжымдағы беделін одан сайын көтеруде .
Ғалым Бердіханұлы өзінің кәсібіне адал, қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз орындайтын, өз қызметінің білікті маманы ретінде ұжымдастар есінде сақталып келеді.