RU
Электр желілеріне қызмет көрсету

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы А.Айдарбаевтың компания қызметкерлеріне үндеуі

 Құрметті әріптестер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы, табиғаттың жаңару кезеңі. Бұл мейірім мен ізгіліктің, достық пен махаббаттың, татулық пен келісімнің, барлық тың істеріміздің бастауы.  Әрбір отбасы лайым жылылық пен жақсылықтың шуағына бөленсін. Шаңырақтарыңызға құт дарып, бақ қонсын.

Бүгінгі күні дүниежүзі және біздің еліміз де коронавирус індетінің қиын жағдайын бастан кешіп отыр.  Мұнай бағасының күрт төмендеуі және халықаралық қаржы нарығының тұрақсыздығы жағдайды одан сайын ушықтыруда.

Қазақстан Үкіметі жұқпалы аурудың ел аумағында жаппай таралуын болдырмау үшін ауқымды жұмыс жасап, дер кезінде айрықша шаралар қабылдауда. Ондаған мың адамды еңбекпен қамтып және саланың экономикалық дамуына үлес қосып отырған Ұлттық компания алғашқылар қатарында бұл шараларды қолдап, негізгі үш басымдықты алға қойды.

Біріншіден – бұл біздің қызметкерлеріміз бен олардың отбасылары. Біздің мақсатымыз – «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында және еншілес кәсіпорындарда еңбек ететін барлық қызметкерлеріміздің әрдайым жұмыс орындарынан үйлеріне, отбасыларына аман-сау оралып, қауышуы.  Амандыққа жететін ештеңе жоқ. 

Екіншіден, өндірістің қауіпсіздігі мен барлық өндірістік нысандардың үздіксіз жұмысы істеуін қамтамасыз ету.

Үшіншіден, коронавирус індетінің таралуын болдырмау шараларын іске асыруда, ақпараттандыру және барлық күш-жігерді жұмылдыруда мемлекеттік органдар және жергілікті әкімдіктермен жан-жақты өзара тығыз жұмыс істеу. 

Бұл орайда менің тарапымнан бұйрықтарға қол қойылды және алдын алу шараларын нығайту туралы барлық еншілес және бағынышты мекемелер басшыларына тапсырма берілді.

Ұлттық компанияға қарасты барлық кәсіпорындарда оперативтік штабтар құрылды. Коронавирус инфек­циясының эпидеямисы кезіндегі іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

Барлық өндіріс орындарының үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті ресурстармен қамтылатын болады. Тауар жеткізу, жұмыс пен қызмет көрсету мәселелері қатаң бақылануда. Мердігерлік және сервистік компаниялармен үйлестіру жұмыстары күшейтілді.

Ел үшін осындай күрделі кезеңде, мен Сіздерді, барлық әріптестерімді, Сіздердің жақындарыңызды барынша сабырлы, парасатты, шыдамды және түсіністікпен қарауға шақырамын. Мен Сіздерден Үкіметіміздің барлық талаптарын орындауды, өз денсаулықтарыңызды күтуді және барлық тазалық шараларын мүлтіксіз орындауды сұраймын. 

Ұлттық компания өз қызметкерлерінің денсаулығын сақтау жолында барлық шараларды жасайды. Өз тарапымнан Сіздердің әрқайсыңыз өз отбасы, компаниясы және елінің қауіпсіздігі үшін жауапты екенін терең түсінетініңізге сенемін!

Қазіргі қиындықтарды біз бірлесіп жеңіп, одан да мықтырақ боламыз деп сенемін.

Сіздерге және жақындарыңызға амандық тілеймін.

 

 

Вложенные файлы:

Жарияланған күні: 31 наурыз 2020



31 наурыз 2020

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы А.Айдарбаевтың компания қызметкерлеріне үндеуі

4 қазан 2018

Ұжым сенімін ақтаған – НҰРЖАН!

«Маңғыстауэнергомұнай» Серіктестігі жұмыскерлері арасында өткен «Үздік маман - 2018» сайысының бірінші кезеңі 20 маусымда өтті. Бұл сайысқа серіктестік бөлімшелерінен 13 жабдықты жөндеу электромонтері қатысты. 

3 қыркүйек 2018

365 қауіпсіз күн

23 тамыз 2018

«МАҢҒЫСТАУЭНЕРГОМҰНАЙ» ЖШС САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

28 мамыр 2018

ҚазМұнайГаздағы қауіпсіздік: Біз алға қадам басамыз

28 сәуір 2018

"ҚазМұнайГаз" АҚ Басқарма Төрағасының Жолдауы- Кемелдену жолында 27.04.2018г

17 қаңтар 2018

"ҚазМұнайГаз" АҚ ҰҚ Басқарма Төрағасының Жолдауы

Жаңа еңбек жылын бастай отырып,  ҚазМұнайГаз компания тобының (бұдан әрі – ҚМГ) әрбір жұмыскері қауіпсіздік пен сенімділіктің неғұрлым жоғарғы деңгейіне жету үшін жұмыс орындарындағы апатты оқиғалар мен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін өзінің еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғауды жетілдіру үшін қосқан үлесін бағалау қажет.  

31 желтоқсан 2016

Жаңа 2017 жылмен құттықтаймын!

Жаңа 2017 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! 

2 қыркүйек 2016

Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің мерекесімен құттықтаймыз!

Жер қойнауынан қара алтынды игеріп, экономиканың дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан мұнай-газ кешені қызметкерлерінің мерекесімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне жеміс тілейміз. Әрқашан да жасампаз еңбектің жарқын үлгісін көрсетіп, Тәуелсіз Қазақ елінің туы биік, тұғыры мықты болып, қарыштап дамуы үшін қажырлы үлестеріңізді қоса беріңіздер! Алдағы уақытта мұнайшылар қауымының асқаралы асуларды бағындырып, асқақ биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!  

23 мамыр 2016

2015 жылға Бірінші басшының есеп беру құжаттамасы

 



А. АЙДАРБАЕВ, Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз»