2024 жылдың қараша айында, Жетібай ӨЭҚ-2 өндірістік базасында жаңа 64 орындық жатақхана бой көтере бастады

08-07-2025

«Маңғыстауэнергомунай» ЖШС бойынша қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық еңбек жағдайлары мен демалысын жақсарту мақсатында, Серіктестігімізде, 2024 жылдың қараша айында, Жетібай ӨЭҚ-2 өндірістік базасында жаңа 64 орындық жатақхана бой көтере бастады. 2 кезеңнен тұратын құрылыс жобасы 2024-2025 жылдарға жоспарланған еді.

2025 жылдың 07 ақпан күні "Казмұнайгаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Хасенов А.Г. жаңа 64 орындық жатақханасының құрылысын  қарап,  жұмысшылардың әлеуметтік- тұрмыстық жағдайына аса қатты көңіл бөлінетінін айтқан. Қазіргі кезде, серіктестігімізде ең ірі құрылыс жобасы - осы жаңа жатақхана. 2 кезең бойынша да, мердігер компания болып тендер қорытындысы бойынша – «МАКС КМ» ЖШС анықталды. 2025 жылдың сәуір айында құрылыстың 1 кезеңі аяқталды, ал 2 кезең бойынша құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.

Үш қабаттан тұратын жатақханада ішінде, екі адамдық бөлмелер, жуынатын бөлмесі мен әжетханасы, төменгі қабатында, кинозал, ойын- сауық бөлмесі, кір жуатын бөлме, қойма т.б. қарастырылған.

https://www.instagram.com/mangistauenergomunay1/reel/DL17V74vIJ1/ 


Жылдам байланыс

Байланыс


© 2024 Mangistau Energo Munay. Все права защищены. | Разработано Mediana.kz